Жоғалтатын болды өзін жап-жас өлең

Біздің демеуші





Жоғалтатын болды өзін жап-жас өлең

Жаным - жара қасқырдан бетер ұлып,
Адастырды, сенделткен жетегі үміт.
Сағыныштан сарылып таппай сені,
Қан қысымым барады көтеріліп.

Ойлайтындай ой да жоқ, басқа сенен,
Жоғалтатын болды озін жап-жас өлен.
Неге іздеймін мен сені, түсінбеймін,
Мен деп соғып жүрегін тоспаса егер?

Жалықтым да кешумен дуадақ күн,
Елесіңді шаршадым, қуалап құр.
Ессіз мына сезімнен айыратын,
Арашалап алады, дуалап кім?

Жүрек жасы әйтеуір сүртілмеді,
Мәжнүн дейді, онсыз да жұртым мені.
Жүйкем тозып барады, қайдасың сен,
Жынданатын шығармын, бір күндері?..

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...