Қыз деген...

Біздің демеуші





Қыз деген...

Қыз деген гүл - өсетін жүрегінде ердің,
Қызғалдақтай кіргізер реңін жердің!

Қыз деген жыр - сүйдіріп шайыр ететін,
Шабыт сыйлап қайғынды шайып өтетін!

Қыз деген күн - жылытар, күлімдесе егер,
Жыламаса екен, ешқашан түңілмесе екен!

Қыз деген түн - жұлдызды, айлы аспан жарық,
Періште боп түсіңе жайғасқан барып!

Қыз деген бақ - бір қонар, ұшырып алма,
Қысып ұста уысыңды, түсіріп алма!

Қыз деген пәк - танығай, сүйенішің деп,
Қыз деген ол жаралған сүю үшін тек!.

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...