Сары мұң ол - сағыныш, саған деген!

Біздің демеуші





Сары мұң ол - сағыныш, саған деген!

Тұтқынына айналып сары мұңның,
Қорыта алмай ойларды қара басым..
Жүрегiме өлеңдi дәрi қылдым,
Мекен етіп сағыныш палатасын.

Тереземнен кәрі тал алып бойлы,
Үңіледі, сезгендей бәлені бір.
Мәңгілікке, білмеймін, қалып қойдым,
Қонағы боп сағыныш әлемінің.

Балпаң-балпаң, ерініп өтті күн де,
Жапалақ түн орнады тағы келіп.
Ақ халатты күрсінед көк түтіндеп,
Ақ фильтрлі сагыныш дарігерім.

Сары емес-тін, жасыл-көк кейіпте еді,
Сары түске боялды санам неге?
Сары өлеңнің сен болсаң кейіпкері,
Сары мұң ол - сағыныш, саған деген!

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...