От едің Жүрек...

Біздің демеуші





От едің Жүрек...

Күрсiнiп Жүрек, суыдың да,
Көктем де келер,- дедiң.
Сен менiң сүйгiш қылығымнан,
Қарғам-ау, не көрмедiң?..

От едiң - Алау, жалындаған,
Жарығым кешпе менi!
Аян ғой мүшкiл, халiң маған,
Мен саған не iстемедiм?..

Гашық боп талай не iстемедiм,
Жылаттым жұбаттым да.
Сүйгенiм ессiз, есте ме Гүл,
Аяусыз жылатты Ол да?!.

О, Жүрек қызыл, сарғайыпсың,
Сағыныш қойды ма жеп?
Оралмайды Ол күн, болды, айықшы,
Жетер!
Қой!
Қайғыңа шек!..

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...