Қайтсем екен?..

Біздің демеуші





Қайтсем екен?..

Қайтсем екен, сұрасам ба кешірім,
Өзгертер ме, нүкте қойған шешімін?
Сағындым мен, шыдай алман, о тоба,
Кунде оянам сонын атап есімін.

Көкірек-ем, тас жүрек-ем, езілдім,
ОЛсыз сүре алмас екем,сезіндім.
Көзді жұмып, тығып қойып намысты,
Қайтып алсам ба екен соңғы сөзімді?

Бар күнані тақсын мейлі ол мойныма,
Күнаһар-тын онсыздағы бой мына.
Кешіргені керек маған, бүгін-ақ,
Ұшып барып қысар едім қойныма.

Жұрт дей берсін, ұятты да қояр-ем,
Сүйгені үшін ұялмаған ғой әлем.
Шіркін, оның, сүйем сөзін естуге,
Күллі адамды ренжітуге даяр-ем.

Қайтсем екен, сұрасам ба кешірім,
Өзгертер ме, нүкте қойған шешімін?
Күні-түні жүргенімде ойланып,
Қалмас па-екем, уақытымнан кешігіп?!

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...