Көктемгі өлең

Біздің демеуші





Көктемгі өлең

Көктемнің қайтем асығысып келгенін,
Гүлдерін қайтем, солар болса бергенің.
Күндерін қайтем, жолықтырған сенімен.
Сағыныш болса көрмегім.

Шуағын қайтем, ерімесе мұз жүрек,
Көркемін қайтем, өңім кеткен жүз жүдеп.
Кештерін қайтем, бір болмаған соңында,
Төлегенімен Қыз Жібек.

Бұлбұлды қайтем, өзің жоқта есітер,
Аққуын қайтем, жұпсыз және төсі кер.
Шабытын қайтем, мұңым ащы тәтті емес,
Баяғыдайын дос етер.

Ренжітсем қайтем? Көктем  қыс деп қорласам.
Жыласа қайтем? Жауынсыз да болмас ән.
Көктемді қайтем, көктемді қайтем,
Егер де,
Құшағыңда сенің жылынғым кеп тоңбасам.

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...