Атырау-Шымкент.. Ақтөбе

Біздің демеуші





Атырау-Шымкент.. Ақтөбе

Ақтөбе вокзалы,
Кездесу, қоштасу.
Вокзал ол,- сот залы,
Қол бұлғап, бас қасу.

..Ақтобе. Кездесу.
Касспий қыз, Шым жiгiт.
Есте жоқ өзгесi,
Қоштастық қынжылып.

Ақтөбе-Атырау,
Пойызы жүргелi.
Қан жылап отыр ол
Өтiрiк-
Күлгенi.

Ақтөбе-Шымқала,
Отырмын вагонда.
Жанарым мұндана,
Қараймын перонға.

Ақтөбе бекетi,
Бiздерден алшақтап...
Барады әкетiп,
Қос пойыз жан-жаққа.

Ақтөбе, жаным, қош,
Қош, теңіз көркемі.
Тағы да келем, тос,
Сағынып, өртеніп.

Күтіңіз...

 


Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...