Тағы да ішіп алғам...

Біздің демеуші





Тағы да ішіп алғам...

Тағы да ішіп алғам,
Сағыныш мұңнан сары.
Сізбенен, құсым - арман,
Жолығар күнді аңсадым.

Мен маспын, маспын удай
Теңселген бақтай күзгі.
Адасқан жас құлындай,
Жортамын таппай сізді.

Сіз батыс, мен алыста,
Тым ұзақ қатынауға.
Ай, осы демалыста,
Кетемін Атырауға.

Тұрса да шақырымдар,
Қысса да уақыт бүгін.
Ұсынар жақұтым бар,
Күтіңіз Бақыт гүлім..


 

Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...