Қараша...

Біздің демеуші





Қараша...

Сап-сары киінгенде күз көйлегін,
Өзіңе, ғашық болып, жүзді ой лебі.
Қара шаш, қыр мұрынды, қара торым,
Күткенім жылдар бойы, сіз ғой менін...

Қара көз, қара қасты, қараша қыз,
О, неткен, бұл құлпырған тамаша күз.
Сабағы гүл үміттің көгергендей,
Отырмыз, өзге әлемде, оңаша біз.

Оңаша. Саясында күзгі бақтың,
Мұңайған күзді ұнаттым, сізді ұнаттым,
Тым өткір сәулесімен әжім салып,
Тұрганда жапырақты сызғылап күн.

Жапырақ - сары гүлдер, сарғалдақтар,
Жаз жігіт қыс аруға жазған хаттар,
Құлауда төбемізден вальс билеп,
Арылтып Тал ананы бар салмақтан.

Жер беті қызыл-сары, қоңыр кілем,
Бұл мезгіл жалын шағы көңілдің ең.
Қараша, қараша күз, қараша қыз,
Ұнаттым, өздеріңмен, өмірді мен.

Қараша тамаша күз,
Қара шаш, қараша қыз.
Махаббат айы тәтті,
Отырмыз, оңаша біз...




Айманбетов Дәурен

Dauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.
Пейіштің бағы - перделі, әдемі...
Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,
Өтінем, ерте бар мені.
Айманбетов Дәурен...