Ақ қар сезім...Бауыржан Әліқожа шығармашылығы

Біздің демеуші






Ақ қар сезім...


Мен өзіңнен таппағандай миятты,
Алқалы аспан жұлдыздары жиі ақты...
Алматыға бүгін қалың қар түсті,
Саған деген ақ сезімім сияқты!

Қардай аппақ, қардай суық, Айнам-ау,
Өзегімді өртеп жатыр қайғы алау.
Көзі күлген періштеге тән бе еді?!
Сезімінен, өз үнінен тайғанау...

Махаббатым сол кіршіксіз ақ қардай,
Соқыр жанның табанына тапталды-ай.
Кірлегесін құдіретіңнен не қалмақ,
Бу боп ұшып еріп кетші дақ болмай.

Жанарыңнан қыс ызғарын, мұң көріп,
Шаттығым да, бақ, нұрым да тұр кеміп.
Улайды енді жанымызды ауыртып,
Қурайды енді жүрген шақтар гүлденіп.

Жүрегіміз соққанменен «Өмір!!!»-деп,
Біз тағдырға арта аламыз не міндет.
Алматыға бүгін қалың қар түсті,
Саған деген сезімімді кебіндеп!!!

 


 

 

 


Бауыржан Әліқожа

BaurzhanAlkozha


Бауыржан Әліқожа Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданында дүниеге келген. «Талантқа тағзым»,
«Қос қарлығаш» жыр жинақтарына енген. Ілияс Жансүгіров
атындағы ақындар мүшайрасының жеңімпазы.
Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
журналистика факультетінің 4 курс студенті