Жанарымдағы жыр.Бауыржан Әліқожа шығармашылығы

Біздің демеуші






Жанарымдағы жыр


Көңілдің көзіңде мұң,
Таппадым өзім де емін.
Сергелдең сезімдерім
Жамылды төзім кебін.
Емшісі өзің бе едің, Жанеркем?!

Мың батпан мұң арқалап,
Кептердей сыңар қанат.
Ұша алмай секеңдеймін,
Шық жасын іркіген гүл-
Дариға-ай, шіркін өмір!
Өзіңсіз бекер деймін, Шандозым.

Санамды жаншып іңір,
Үйірді-ау қамшыны бір.
Жүрегім, салшы дүбір.
Сені ойлап жанарымнан,
Үзілді тамшы-ғұмыр...
Еһ, кермиық қыз!

 

 

 

 

 


 

 

 


Бауыржан Әліқожа

BaurzhanAlkozha


Бауыржан Әліқожа Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданында дүниеге келген. «Талантқа тағзым»,
«Қос қарлығаш» жыр жинақтарына енген. Ілияс Жансүгіров
атындағы ақындар мүшайрасының жеңімпазы.
Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
журналистика факультетінің 4 курс студенті