Сол сезімнен қорқамын

Біздің демеуші






Сол сезімнен қорқамын

Шынымды айтам,ұқпаймын махаббатты,
Ол туралы сауатым емес жақсы.
Тек қана сені ойлаған сәттерімде,
Көкіоекті ерекше сезім жапты.

Неге дейсің аңғалмын баладаймын,
Айтпақ болған сөзіңді аңғармаймын.
Сырға тартпа мендегі сыршыл кеуде,
Ақтарылса аңқытар сөздің майын.

Ақтарылар көктемгі селдей болып,
Арнасына сыймайды тасып толып.
Сол сезімнен қорқамын сел боп ақса,
Кетерме деп жан-жағын сеңдей соғып.

Жасқанамын жатсынам ақ көңілден,
Асқақтата алмаймын ақсақ өлең.
Сенен басқа әлемнің керегі жоқ,
Тек қана сен мендегі ақырғы дем.

Ерік бермес еркелеп ерке көңіл,
Дей алмаймын жаным-ау дертімді біл.
Менің сыйым әзірге әнім ғана,
Қош көрмесең сен мұны оны өзің біл.

Талпынысым талғамым саған ғана,
Айта көрме айнам-ау маған нала.
Мен өзіңді қалайда бақытты етем,
Оған сенем осыған келер шама.

 


Даурен Жақсылық ұлы

Daurenaga110

Алматы облысы Райымбек

ауданында дүниеге келген