Сағыныш

Біздің демеуші






Сағыныш

Жаныма маза,
бермей жүр мынау сағыныш,
Сезімім анау,
Шербетін алда қанып іш.
Дәл қазір маған,
Жақынсың және алыссың,
Білесіңбе сен?!
Тәтті мұң екен сағыныш.

Жаныма келші,
Сүйейін сені аймалап.
Мойныңнан иіскеп,
Еркелетейін жайғанақ.
Жаныма келші сағынта бермей сен мені,
Сұлуым менің,
Сүйкімдім менің ай қабақ.

Қыдырып ұзақ,
жүрейік еркем баққа кел,
Қызыға қарап,
Тұрсыншы бізге қалың ел.
Сағынып жүрсің,
Өзіңде жаным дәл мендей,
Қинала бермей,
Ұмытта бәрін жақын кел.

Есіңе алшы,
Сырласқан ұзақ түндерді,
Есіңе алшы,
Риясыз күлген күндерді.
Осының бәрі сезінген жанға бақыт-ау,
Ойласам соны,жүрегім менің езілді.

Шаршады жаным,
Бақыттың күтіп ақ таңын,
Естелік іздеп,
Дәптерді ұзақ ақтардым.
Махаббат жайлы жазылған әрбір шумақта,
Төгіліп тұрғой,
Өзіңе деген сырларым.

 


Даурен Жақсылық ұлы

Daurenaga110

Алматы облысы Райымбек

ауданында дүниеге келген