Махаббат Еркебұлан Толқынов шығармашылығы

Біздің демеуші






Махаббат


Сені көріп шарласам жыр алаңын,
Даусыңды естіп өзімше қуанамын.
Сағыныш боп жырақта жүрсең-дағы,
Сағым болып кетпеші сұранамын.

Жүрегіңнің жылуын жиып бер де,
Үркітем деп үрейді үйіп, терме.
Бір жұлдызы аспанның сөнді дей бер,
Жете алмасам сен жүрген биіктерге.

Періштемсің,
көз жұмып саған ерем,
Тұмар етіп, алқа етіп тағам – өлең.
Сезіміңді өшірме, өтінемін,
Сеніміңді жоғалтпа маған деген.

 


Еркебұлан Толқынов

Erkebulan