Неге сүйдім?! Еркебұлан Толқынов шығармашылығы

Біздің демеуші






Неге сүйдім?!


Неге ғана...
Неге ғана сүйдім екен мен сені,
Ексем еді жүрекке гүл асықпай.
Сені көріп көтеруші ем еңсені,
Көзіңе ілмей сазарғансың қашықтай.

Мойындамай махаббаттың қажетін,
Қапелімде қақ жарылды жолымыз.
Тұншығады жүрек сорлы қап жетім,
Ұғынбадық, түсінбедік соны біз.

Жүрегімнен жұлып ап есіміңді,
Елесіңнен тазартамын санамды.
Тереземді қақпашы, есігімді,
Сезінгейсің әлің менен шамаңды.

 


Еркебұлан Толқынов

Erkebulan