Елесіңе наз Еркебұлан Толқынов шығармашылығы

Біздің демеуші







Елесіңе наз


Сен тұрған ойдың тұңғиығына түсіп көрдім,
Түсіп көрдім,
Бүгін тағы күйініп ішіп келдім.
Ащы суы құрысын,
Енді өмірдің
Зәһәрынан келіп жүр ішіп көргім.

Тұра бердім аяқты әрең басып,
Көз алдымнан кеткендей әлем қашып.
Әкел, өмір,
Шишаңды тығып қойған,
Мен оны сендіре алмай келем жасып.

Көкжиекке көз тігіп, тік қарадым,
Елесің жүр шетінде түп қараның.
Мазақ еткің келеді ә, құрғыр елес,
Көргің келсе, тығылма,
Шық, қарағым!

Шық бері, елес,
Бокалыңды ала кел,
Ішейікші, тарап кетсін қара шер.
Жүз-ақ грамм қағып сал да,
Ей, елес,
Сен менің махаббатыма баға бер.

Қорқасың ә?!
Жөнелдің ғой жылыстап.
Сөйлесуім керек еді дұрыстап.
Бір сен емес, елесің де кінәмшіл
Кетті сенбей,
Сөзге келмей “жыны”ұстап.

Сене алмайды жандының бірі маған.
Иланса да болардай күні қараң.
Босқа өткізбей күнімді қара да тұр,
Сенім болып кеудеңе кіріп алам.

Тәтті өмірдің ащысын ішіп-қанып,
Бойды саған жылытсам үсіп барып.
Сосын…
Сосын сендіре алмай кете барам,
Құзғын ажалдың тырнағына түсіп қалып.

 


Еркебұлан Толқынов

Erkebulan