Жауын! Ибадулла Казыбек шығармашылығы

Біздің демеуші






Жауын!!!


Жауын боп төгермін,
Аспаннан жауғандай...
Мен сені көремін,
Көзден жас тамғандай...

Аңсаттың сен жаным,
Көктемді күткендей...
Жабырқап жанарым,
Өмірім біткендей...

Сүйеді жүрегім,
Күздей боп күмбіреп...
Мен сені сүйіппін,
Жүрегім елжіреп...

Өкініш тулайды,
Жанымды азаптап...
Өзіңдей болмайды,
Кеттіңғой сызат сап...

Жарығым асылым,
Сағынып сарғайдым...
Сүйдімғой өзіңді,
Қайдасың арайлым???

 


Ибадулла Казыбек

Ibadullaakin

Менің өмірім махаббатан құралған,

сол махаббат арқылы өлеңдерім құралған