Құлмағамбетов Салауат Қажымұратұлы өлеңдер жинағы махаббат поэзиясы

Біздің демеуші






Екі бөлшек

Екі бөлшек бір тұтасты құраған
Екі ғашық махаббатқа жаралған
Екі жүрек бірін бірі сағынып
Сағынышпен екі көзге жас алған
Ғашықтар ғой ен бақытты адамдар
Жаным деп бірін бірі аяғандар
Ұзақ күндер суық түндер сағынып
Адал болған махаббатка ол жандар
Бірақ, әттен мәнгі бақыт болмайды, болмаған
Жандар көп қой бұл өмірде сорлаған
Бір тұтасты адал ұстап жүре алмай
Махаббаттын құдыретін сезе алмаған
Бақыт емес бұл өмірде жай ғана ғашық болу
Керек қой ол жанды да өзіне ғашық қылу
Әйтпесе, қандай бақыт сырт көзге күлкі болып
Арды таптап сол бір жанған құлдай болу
Нағыз бақыт ол бір жанған Жаным деген
Қандай тәтті оның сөзі Сүйем деген
«Мен сені Сүйем» деуге ұялмандар
Өйткені сол бір сөз ғой ғашықтардың жүрегін нәрлендірген
Ғашық жандар асу қырдан асады
Ғашық жандар биік шынға басады
Ұялып бұл сезімнен жалғыздықты таңдамаңдар
Өйткені жалғыздық тек бір Аллаға жарасады...


Құлмағамбетов Салауат Қажымұратұлы

20110401141928_022