Сүйгеніңмен Қоштаспа! Қош махаббат, ұмыту кезі келді!

Біздің демеуші





Сүйгеніңмен Қоштаспа! Қош махаббат, ұмыту кезі келді!
Егер сүйгеніңмен қоштасу уақыты, махаббатты ұмыту уақыты келсе, өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Шынына келсе, бұл өте қиын жағдай және әркім сол сәтте өзін тыныш және бейқам ұстап тұра алмайды. Бас салып айғай, ұрыс және тіпті төбелес басталуы ғажап емес.

ne otpuskay

Өміріңде қолданбаған ащы сөздер, айтылмай қалған өкініштер және жанға батар балағаттаулар қатары ағыла айтылыды. Сіз жан тәніңізбен, барынша сүйіктіңізді сөзбен, болмаса, күшпен жеңуге тырысасыз. Сіз сүйгеніңізңе деген өкініштеріңізді ғана емес, бүкіл әлемге деген өкініштеріңізді айта жөнелесіз. Бұл сөздерден кейін, тіпті мүмкіндік болғанның өзінде де қайта оралу мүмкін болмайды. Неге бұл ыңғайсыз жағдайдың женіл шешімі жоқ? Неге біз өз-өзімізді қолға ұстап, тыныш және жан ауырқысыз қоштаса алмаймыз?

Өзіңіз ойлаңыз... Сіз барлығын айтып тастап, өзіңізді жұбата алам деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Себебі, ол айтқандарыңызға жауап одан да сорақы болады, себебі сіздің сүйгеніңіздің де өз айтары бар (сіз келмей қалған кездесу, сіз байқамай айтқан ауыр сөздеріңіз, сіз ұмытқан, бірақ айтылуы тиіc “Құттықтаймын!” сөзі(көбіне ол туылған күн немесе 8 март;)). Олай болмағанның өзінде де, сіз айтып тастаған сөздеріңізге, сүйіктіңіз үндемей тұрса, содан соң жай ғана есікті жауып шығып кетсе, сіз қалай боласыз? Қалай? Жеңілдей ме? Жоқ! Сіз тіпті орын таппай жындануыңыз ықтимал!

Шындығында да, былай ойласаң, мүмкін “көріп, дос болып, кездесіп, ғашық болып, содан соң бірге журу” процессін кері қайтару, яғни сезіміңді басып, анда-санда ғана кездесіп, айлар бойы кездеспей, сезімдер суи бастағанда ғана қаштасу дұрыс болар. Себебі, тек осы әдіс ең тыныш және жеңіл аяқталады…

*Басқы бет