Ояту АЛМАЗ ӘМІРБЕКҰЛЫ шығармашылығы

Біздің демеуші






Ояту


Қиялды жетелеп тылсым түн тереңге,
Тәп-тәтті ұйқыңды күзетіп ояумын.
Мен қазір шашылған жұлдыздар терем де,
Аспанды тазалап, өзгертем бояуын.
Содан соң ай жүзген айдынды оятам,
Ол сенің жанарың сияқты тұңғиық.
Тауларды сағыммен көк түске боятам,
Ұшына ілемін қиялдан күн қиып.
Құстарды терезе алдына шақырып,
Шырқайтын әндерін сұраймын, дайын ба?
«Махаббат туралы бүгінгі тақырып,
Қеліңдер, қоныңдар ақ мойын қайыңға!»
Кеңдігі ғаламдай кеудесін ғаламның,
Көк белді шалғыны теңіздей толқыған
Сен жақсы көретін түстермен саламын,
Сен жақсы көретін гүлдерге толтырам!!!
Аспанға іле сап сыр тұңған сырғалы ән,
Сан түспен өзгерттім ақынның әлемін.
Сенімен ғана тек қызықты бұл ғалам,
Сен ғана жетіспей тұрсың тек, әдемім!
(ояна ғой...)
Алмаз МЫРЗА АХМЕТ
ҚАРАҒАНДЫ

 


Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

AlmazAga

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.