Білсең ғой... АЛМАЗ ӘМІРБЕКҰЛЫ шығармашылығы

Біздің демеуші






Білсең ғой...


Қалай қиын екенін...
Жүректің сенсіз күйін шертемін.
Басқаның ғаламдарынан,
Қас-қағым жанарларынан
Сені іздеп кетемін...
Білсең ғой...
Ұйқысыз ұры таңдарымды.
Жоғалтып жырдан ұлы ардағымды,
Сезімнен екінші рет,
Өзіңсіз жетімсіреп
Қалғанымды...
Білсең ғой.
Самал жел болып сен еркелеген,
Түндерге түңіліп шер төгер өлең.
Күдікті ақ таңдарымды,
Үмітті шақтарымды
Сен келер деген...
Білсең ғой...
Десем де тағдыр ерегіс, еркем,
Келеді ертең келесі көктем.
Налыма жалғыз,
Жаныма әр күз
Елесіңді ертем...
Білсең ғой...
Шешілмес сезім түйін екенін.
Кешегі күннің күйін шертемін.
Сезіммен алау,
Өзіңді алдау
қиын екенін...
білсең ғой...

 


Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

AlmazAga

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.