Жалғыздық... АЛМАЗ ӘМІРБЕКҰЛЫ шығармашылығы

Біздің демеуші






Жалғыздық


Қараңғы түнге сіңдіріп,
Шашыңды самал тарайды.
Ай жанарына мұң тұнып,
Күлімдеп қана қарайды.
Жалғыздық оның жан досы,
Басқаға қиып бергісіз...
Күте ала ма екен таңды осы?
Күте ала ма екен?
Белгісіз...
Шықтарын терем гүлдердің,
Жанары аймен шағылған.
Бейне бір қырға түн керім,
Моншақтарындай тағылған.
Кешігіп жатыр таңым да,
Артына кетіп белестің.
Сен тағы жүрсің жанымда,
Сүйейін десем елессің...
Жатсынып жалған азғырды,
Мұңымды жалғыз тал ұғып.
Жалғыздық мені жазғырды
Жалғыздығымнан жалығып...

 


Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

AlmazAga

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.