Сен маған. АЛМАЗ ӘМІРБЕКҰЛЫ шығармашылығы

Біздің демеуші






Сен маған

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.

Сен маған үміт силадың,
Бағынған тұнып қиялым.
Сен мендік сезімді сарқып,
Қоштасарыңда күліп қинадың.
Сен маған әлем ұсындың,
Өзіңсіз әлемді түсі мұң.
Сен маған теңіз силадың,
Шағала сағыныш құсымның.
Сен маған түн табыстадың,
Табыстап тым алыстадың.
Арманды айтқызбай ағатын,
Жұлдыздың мың ағыстарын.
Қоштастым... өкпелегем жоқ.
Кеткенің нүкте деген боп.
Сен маған жүрек силадың,
Мен саған түкте дегем жоқ...
Солай...

 


Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

AlmazAga

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.