Хат монологы. АЛМАЗ ӘМІРБЕКҰЛЫ шығармашылығы

Біздің демеуші






Хат монологы


Жүрек-дәптерді жыртып күз тағы,
Қара сиямен бетімді құштың...
Ақ парақ едім кіршіксіз ары,
Алғашқы қары секілді қыстың.
Жырыңды жазып жыладың түнде,
Тартуын тілдеп тағдырдың қатал.
Сезіміңді де сынадың мүлде...
Сынадың жетім бағыңды қатар.
Бар құпия, құлпыңды үздің,
Ел сені қалай түсінбей келген?
Мен саған білем, бір түнгі қызбын,
Жалқы жыр жазу үшін де сенген...
Мұңынды жазып ақ маңдайыма,
Қаламды қанды жебе қыласың...
Ол күндер әйтеу
Сақталмайды ма?
Жазасың, сосын неге сызасың?!
Сырыңды тыңдап жетімсіредім,
Ақынның неге мұңлы әлемі?
Келеді саған кешірші дегім,
Сәттерім үшін түңгі әдемі...
Тағы бір жырды түртіп басташы...
Былғасаң былға арымды мейлі,
Жазбасаң өлең жыртып тасташы...
Қажетсіз қыздай қалғым келмейді...

 


Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы

AlmazAga

Силадың мұңсыз сәттеріңді,
Сүйгізіп тәтті ерінді.
Сен маған жырлар силадың,
Қарашы жүрек-дәптерімді.