Студент дәптерінен. Айманбетов Дәуреннің өлеңдер жинағы

Біздің демеуші






Cтудент дәптерінен


Csdfsdfsddauren_aga

Махаббат - ертегі әлемі.

Пейіштің бағы - перделі, әдемі...

Шөлдесең гүлім, көрсетем жолды,

Өтінем, ерте бар мені.

Айманбетов Дәурен...

Қой нүктесін!!!

Тiрлiктен мына қалып, қалғып барам,

Оят менi!

Оят менi, түс көрiп қаңғып барам.

Мәңгi ұйықтап теңiзге атқан тастай,

Тұңғиыққа, келмеске қарғып барам.


Шаршадым! ентігім енді, басылар ма екен,

Жұбат мені!

Жұбат мені, кел де тез қасыңа ал көкем.

Ғашығым не етем, бұл түні Ай таратқан,

Сәулесіндей мойныңа асыла кетем.


Жоқ, бірақ, қажет емес, мүсіркерсің,

Аяп мені.

Аяп менің, рухымды кішіртерсің.

Қысым көрсін деміккен жүрек мейлі,

Тәтті, мамық, оятпа, түсін көрсін!


Шағым сол, қайтем оны той біткесін,

Жылат мені!

Жылат мені, тұрасың айтып несін?!

Қайтып кесін немесе оралмасын,

Ертегінің бұл бітпес қой нүктесін!

Қой нүктесін!!!

-------------------------------------------

Өкпелетші

Себеп тапшы кешірілмес,

Өкпелетші өтінем.

Ғашығыңды есі кірмес

Сүйгеніне өкінер.


Шыдай алман, сағындым шын,

Аямай бір өкпелет.

Махаббаттан сағым сынсын,

Дос болайын отпенен.


Сүйем сені, өзіңді ізде,

Ұрысайык, сол амал.

"Бересі жоқ сезім" бізде,

Қолдайтұғын жоқ адам.


Ренжіт те кет, жаны нәзік,

Келмес менің қолымнан.

Ақыныңның халі қазір,

Өкпе.. Реніш.. Зор одан.


Осы айтқанды орындашы,

Сағыныштан арылтшы.

Менің емім қолыңда сол,

Муннан жаным жалықсын.


Ай қайдам бірақ...

----------------------------------

Қысып ұста қолымнан

Жоғалтқың мені келмесе,

Қысып ұста қолымнан.

Ауырдым қатты мен кеше,

Жылап қалма соңымнан.


Сүйемін құлай, шын сүйсем,

Алғашқым да өзің-ең.

Жай атып, бұлттың, күрсінсем,

Ыршып түсем көзінен.


Жүре бер солай, хабарсыз,

Жан өтінер. Жалынбан!

Кеудеңде бірақ қалар сыз,

Айрылғандай Табылдан.


Мен емес жазған бұл жырды,

Авторы - сал жүрегім.

Қозғаған болат шынжырды,

Мен емес ол - тілегім.


Ауырдым кеше қатты мен,

Түсіңе кірген болармын.

Сен жайлы оқып тәтті өлең,

Мұңданып жүрген болармын!?


Жоғалтқың мені келмесе,

Қысып ұста қолымнан.

Жанымды кел де емде сен,

Жылап қалма соңымнан.

----------------------------------------

КЕШIРМЕЙМIН!!!

Сен менi кешiрмегенiң үшiн,

Жадыңнан өшiр дегенiң үшiн.

Отымды кеш үрлегенiң үшiн,

Сол бiр кез есiмде, менiң үшiн,

Шоқ кешiп шешiнбегенiң үшiн,

КЕШIРМЕЙМIН!!!


Сен менi сүйе алмағаның үшiн,

Құр босқа қиялдағаным үшiн,

Бақпын деп жиi алдағаның үшiн,

Көгiңе сия алмағаным үшiн,

Өзiң деп ұялмағаным үшiн.

КЕШIРМЕЙМIН!!!


Сен менi улағаның үшiн,

Жүректi ұрлағанын үшiн,

Сенi бос жырлағаным үшiн,

Солыңқы гүлдi алаңым үшiн,

Сан қулы түрлi амалың үшiн.

КЕШIРМЕЙМIН!!!

Сен менi сұратқаның үшiн,
Сұрап ап құлатқаның үшiн,
Өзiңдi ұнатқаным үшiн,
Жанды үнсiз жылатқаның үшiн,
Жек көрем, бiрақ-та тынысым,
Тарылып барады,
Құрысын.
КЕШIР!!!

----------------------------------------