Ғ-ға...Нұрлан Амандықұлы

Біздің демеуші






Ғ-ға...

Миым ысып маңыраған мың ойдан,
Мәңгүрттіктен арыла алмай мұңайғам.
Ет журегім киіз құсап түтіліп,
Меңіреу боп безіп кеткем Құдайдан.

Таныс сүрлеу табан тессе таңсық па,
Сенбей кеткем сезім дейтін қаншыққа.
Жалғыз өтем мұңға үйленіп мәңгілік,
Жүрегімді тіліп қара кан шықса.

Кезіп кеткем жартас болып жас жүрек,
Қаңғып жүр ем аяғыммен тас күреп.
Қаңыраған қараңғыдан кенеттен,
Жарқыраған аппақ, сәуле шашты леп.

О, Тәңірім! Түсті ме айдан нұр тамып,
Жарық болып кетті қапас сұр тамұқ.
Миымнан ін қазып алған мысық мүң,.
Қашып шықты, шыдай алмай, сырт алып.

Тағдыр талай шимайларын сызды шын,
Солып қалған сары жапырақ күзгі-ішім.
Қатырлаған шоқ шайнаған, мұз жұтып,
Түсін, мені, жүрегімді, қыз-мүсін.

Алтыбақан тербемесем әнге іліп,
Ай астында атпаса егер таң күліп.
Жанып түрған жалын барын қасымда,
Мүмкін білмей өтер ме едім мәңгілік.

Жарқыраған жасын қашып шоқтардан,
Көкірегімді қарып барады отты арман.
Миыма мұң, көзіме құм толтырған,
Жалықтырды қара сүрлеу қақталған.

Аққу қонар айдын көлге топтала,
Үмітімнен қайта соқтым от-қала.
Адам түгіл арман жетпес алысқа,
Кел, екеуміз, кетейікші, жоқ бола.

Арманменен сезім көкке шарықгап,
Мұз-қайғыны теңіз жатсын алып қап.
Келші, екеуміз, жүлдыз болып, кетейік,
Махаббаттың құс жолымен қалықтап.


 


Нұрлан Амандықұлы

nurlan110