ТҮС-ҚИЯЛ Нұрлан Амандықұлы

Біздің демеуші






ТҮС-ҚИЯЛ

Сырға асықтым, шын ғашық,
Түн – ғашықпен мұңдасып.
Түс қиялым жетелеп,
Аймаладым сырласып.

Ұмыт болып, кетті еріп,
Қайғы буған сәттерім.
У таратты қаныма,
Ләззат шырын, тәтті ерін.

Түс – қиял ғой алдамшы,
Баяғы әнге салсамшы.
Жүйрік қиял көгінде,
Сол ұйқыда қалсамшы.

Махаббаттан нәр алып,
Жаршысы боп жаралып.
Оятпасаң өзің кеп,
Жата берем оранып.


 


Нұрлан Амандықұлы

nurlan110