НАЗ Нұрлан Амандықұлы

Біздің демеуші






НАЗ

Жалғасымын ағаның тойлап кеткен,
Жасын боп ақтарылдым жайнап көктен.
"Басым бос емес" деген не тәйірі,
Басыңды кім еді, сенің байлап кеткен?

Жанартау жырларым бар сатырлаған,
Тұлпардың тұяғымын тасырлаған.
"Басым бос емес" дейсің, қыз емес пе ең,
Бір гүлі он екіде ашылмаған.

Ордаңнан мекенімді сайлап кетем,
Бәріңді жалғыз өзім жайлап кетем.
Баяғы қыз үрлаған батырлардай,
Бөктеріп қанжығама байлап кетем.


 


Нұрлан Амандықұлы

nurlan110