СЕРТ Нұрлан Амандықұлы

Біздің демеуші






СЕРТ

Мәңгүрт үшін жырды салып азапқа,
Бос қаңғыппын миым тоңып мазаққа.
Бұл халімнен артық болар, Ысрафил,
Күйін тындап отырғаным тозақта.

Махаббаттың мақамына сенбеспін,
Маңдайымнан қаға алмайды енді ешкім.
Жалынбаймын, кетсін мейлі хор қызы,
Жалғыздыққа үйрендім ғой, өлмеспін.

Жүрегімді жұлып итке тастаймын,
Өлеңімді мұңсыз қайта бастаймын.
Жұмыр басқа төнседағы нендей күн,
Сезім – шердің ауылына аяқ баспаймын.


 


Нұрлан Амандықұлы

nurlan110