"САМНЫҢ ҚЫЗЫ" Нұрлан Амандықұлы

Біздің демеуші






"САМНЫҢ ҚЫЗЫ"

Толғаңдырып ғұмырдың келешегі,
Ойласам болды қалқа, неге сені.
Жүрегімнің тұлымын сипап өтіп,
Санамда Самның самал желі еседі.

Жел еседі, жыр – моншақ тізіп өтіп,
Менде мәзбін, көңілдің сызы кетіп.
Көктем-ару тамырды кезіп барад,
Аяғында шоңқайма-қызыл етік.

Сілкіп тастап көрпесін, қыраулы айдын,
Құстар қайтып тырна – әуен тыраулайтын.
Түндігінен кеудемнің ай сығалап,
Сәулесімен сен жайлы сыр аулаймын.

Сонан соң ауылыңа төте шығып,
Ұрттатып, сезім – шарап, кесесі – үміт.
Алып кетем, құмдағы қызғалдақ – қыз,
Төбеңнен құйын болып өте шығып...


 


Нұрлан Амандықұлы

nurlan110