Қос терек

Біздің демеуші

Қос терек

Баяғы өткен заманда,
Дін мұслман аманда.
Барақ деген бай бопты.
Төрт түлігі сай бопты,
Алты қатын алса да,
Бір перезентке зар бопты.
Арам пиғыл пасық бай,
Өктемдікті ойлаған.
Қанша байлық жиса да
Дүниеге тоймаған.
Жетпіске жасы келгенде,
Тағы бір тоқал алады.
Айдай сұлу ажары
Ұшқын шашқан жанары.
Кіші тоқал Айшагүл,
Шаңырағында Барақтын
Бір қыз бала табады.
Қуанады Барақ бай,
Лақтырып көкке қалпағын.
Дүрілдетіп той жасап,
Атын қойды Айханым.
Барақ еді тасбауыр,
Халыққа болған тосқауыл.
Қырық құлы бар еді
Оның бірі Қойшығұл.
Ішіндегі тәп-тәуір,.
Барақ байдың бағатын.
Жылқысы мен түйесін
Суығына тоңатын,
Ыстығына күйетін.
Сонда да оған жақпайды,
Көп сөз айтып боқтайды.
Бір тоқтысы жоғалса,
Кісі өлгендей жоқтайды.
Қанша кедей болса да.
Әйелімен жарасты.,
Бес ешкінің екеуін,
Кедейге беріп қарасты.
Қырық тесік лашығы,
Өздеріне ордадай,
Жасынан мінген күреңі
Тоқымына жорғадай.
Барақ жиып ақылшы қосшыларын,.
Ол білетін кімді дос, қас қыларын..
Үстемдігін жүргізіп дәулетімен
Ағызатын кедейдің қанды жасын.
Осылайша тірлігі жатты жүріп,
Тең-теңімен адамзат ойнап  күліп.
Қойшығұлдын қатыны бір ұл тапты,
Аллаһ беріп ай күні жетіп толып
Қойшығұл үш ешкінің бірін сойды
Кедейге өзінше ғып қылды тойды
Қайтпас қайсар болсын деп,ақ тілекпен
Алмас деп ол ұлының атын қойды.
Барақтың өмірі де жүріп жатты.
Керуені көшіп, иттері үріп жатты
Өмір заңы, уақыт тоқтамайды
Қызы да ай жыл санап өсіп жатты.
Байдың қызы шашбауы сылдыраған
Көрген жанның жанары бұлдыраған.
Қыпша бел, оймақ ауыз қас сұлуды
Сол кезде ақын қалмады жырламаған.
Айханым айым жасқа келіп жетті,
Басынан балалықтын дәурені өтті..
Бараққа шығыстағы Майсара бай,
Құдалықты белгілеп келіп кетті.
Оралсақ Қойшығұлдын Алмасына,
Сиынып ол да ер жетті Алласына.
Өр мінезді, нағыз ер болып өсті,
Келтіретін дұшпанын тәубасына.
Бала Алмас бес жасынан қозы бақты
Ісіне тындырымды сондай бапты.
Адалдық ізгілікті қасиетімен,
Сан түрлі мінезімен жұртқа жақты.
Талай таяқ жесе де, бай манаптан.
Көмегін тартқан емес кедей таптан.
Кекшіл қасқыр секілді кекті болды,
Әрине шыққаннан сон кедей таптан.

                 ****
Екі жас бір-біріне болды ғашық.
Көргенде бірін-бірі көңілі тасып.
Еш адамға сездірмей кездеседі.
Ғашық жүрек оңаша жан сыр ашып.
Қойшығұл Алмасының ісін көрді
Жүр еді әр ісіне көңілі толып.
Ұлының Айханымға ғашықтығын
Естігенде шошынып кетті толқып.
Қойшығұл Алмасының ісін көрді,
Ақырын ептеп басып жақын келді.
Жан балам кел мұнда деп қасына алып,
Сипап ұлын басынан ақыл берді.
Қой балам бұл қылығың саған болмас
Қайғыңның ешқашанда орны толмас
Байдың қызы, әрі ол айттырған қыз
Бұл ойың еш уақытта орындалмас.
Екеуің екі топтан шықтың балам
Міне менің сол үшін көңілім алаң
Байдың қызын шұнақ құл алу деген
Тарихында жоқ нәрсе ата-бабам.
Алмас та әкесіне сөз сөйледі.
Жан әке енді мені тыңда деді.
Не қылсаңда сол қызды аламын мен,
Қайғымен бата алмаспын мұңға деді.
Деді де кете берді і шығып Алмас.
Тіке сөз әкесіне айтып алғаш.
Бұларды жақтайтұғын бір адам жоқ
Қайысқан қара орманда пана болмас.
Екі ғашық  жолығып кезігеді
Істің дұрыс болмасын көзі көрді
Болуға мәңгі бірге серт байласып
Қашуға басқа жаққа буды белді.
Қос ғашық бірін-бірі дейді жаным
Бір сен деп жүгіреді бойда қаным.
Өмірде мен сендікпін сен мендіксің
Бойымдағы шыққанша шыбын жаным.
Барақ байдың мекені Сары жайлау,
Өзенді ну орманды үлкен қойнау.
Ойланса Барақ  көсем боларма еді?
Адамды жеткізбейме терең ойлау.
Айлы түн ел орынға отырған шақ,
Алмасқа бір Құдайым болагөр жақ.
Сондағы ойы сүйгенін алып қашып
Нағашысын Алтайдан іздеп таппақ.
Паналап өзен бойы қалың малды,
Қос күреңді арқаннан шешіп алды.
Қос теректің түбінде жарын күтіп
Балалық бал дәуренді есіне алды.
Екеуі ойнаушы еді жалаң аяқ,
Ат қып мініп шапқылап талдан таяқ.
Алтыбақан тебетін қос терегі
Куә болып бұларды тұрды аяп.
Айханым да ақыры келіп жетті,
Құшақтасып бір-бірін беттен өпті.
Жазғы дала тып-тыныш, түнгі аспан
Самал жел бақыт тілеп сипап өтті.
Қос тетек қос ғашықтың мекені еді,
Қоштасып бұнымен де кетеді енді.
Махаббаттың жолында кетіп барады
Ата-ана, туыс-туған тастап елді.
Қос теректің түбінде ұзақ тұрды,
Раббым берегөр деп жарқын жолды.
Екі жас а Құдай деп атқа қонып
Соңғы рет туған жерге мойын бұрды.
Қос күрең астарында жүйткиді алға,
Жаратқан екі жасқа болсын тауба.
Бұлдырап өрт жалында қала берді
Қос терек, туып өскен байтақ дала.
Үш күн жүріп бір заңғар тауға келді,
Бұл жерден шешесі айтқан көлді көрді.
Нағашыма барам деп сұрағанда,
Бұл жолды шешесі айтып беріп еді.
Бұл тау да қарағайлы үлкен дара,
Асу бар бір өзіндей жалғыз ғана.
Қиын жер адам жүрмес түйе қорым
Тас төсеп жол салыпты бұрындарда.
Жөн көрді демалуды бір-азырақ ,
Болатындай жері кең жанға шуақ.
Ну орман бұта бүрген мөлдір басы
Гүл бәйшешек құлпырған жасыл құрақ.
Ботадай екі көзі мөлдіреген,
Көзбен ғана ұғынып сырын терең.
Алмастың тізесіне басын қойып
Айханым ұйықтап кетті елжіреумен.
Алмас айтып ыңылдап ғашық әнін,
Атса екен деп алдымнан асқақ таңым.
Ат шалдырып  келуге тұра келді
Айханымға жаптырып шапандарын
Суарып қос күреңді мұз бұлақтан,
Шалдырды балаусалы көк құрақтан.
Жер тарпып екі күрең осқырынды
Бір сұмдықты сезгендей бұлақ жақтан
Дауысы Айханымның келіп жетті
Жүрегін көк найзадай түйреп өтті.
Алмасым қош бол деген жалғыз сөзі
Жер мен көктің арасын шарлап өтті.
Жүгіріп ғашығына келсе жігіт,
Арыстан жатыр екен азық етіп.
Арыстанда атылды айбаттанып,
Алмаста алды алқымнан қайраттанып.
Атандай арыстанды алып ұрды,
Жер мен көк ерлігіне қарап тұрды.
Бітіріп арыстанның шаруасын
Жаралы ғашығына мойын бұрды.
Құшақтап Айханымды егіледі.
Қаңырап қабырғасы сөгіледі,
Көзін ашып Алмасым қош бол деді
От жанары осылайша сөніп кетті.
Барақ бай қызын іздеп далаақтайды.
Таппады сүзсе даға тәмәм сайды,
Өз басын өзі ұрып тұлан тұтып
Бір хабар болар ма деп, алақтайды
Одан бері азырақ заман өтті,
Қойшығұлда бірталай жасқа жетті.
Армандаумен ойлаумен жалғыз ұлын
Осылайша өмірден бұлда өтті.
Өмірден мұндай талай өтті ғашық,
Бұған себеп кедейлік байлық, пасық..
Айханым мен Алмасты мысал қылдым
Оған куә қос терек аспан ашық.

© Қостанай облысы Федоров ауданы  2

мектептің 11 сынып түлегі обылыстың Абай

оқуларының 1 орын йегері Багдаулет Арысбек 

newwhiter

Толық тізім

Соңғы өлеңдер

Warning: Creating default object from empty value in /home/users/b/baxaza/domains/sen-ushin.kz/modules/mod_latestnews/helper.php on line 109