Кім, кім кінәлі?

Біздің демеуші

Кім, кім кінәлі?

Сенде емес, менде емес...
Сезім бе еді кінәлі?
Іздемей - ақ кінәліні..
Ұмыта салсақ болмас пе еді, болмашы ғана өкпені?
Әттең ...
Сен де қыран, мен де қыран...
Жеңбей берілуші ме еді меңмең жан,
Тәкапарлық изетпеді басымызды.
"КЕШІР" деген бір ғана сөз айтылмай...
Өкініштен сорлы сезім, жәутеңдеп амалсыз ғана басылды - ай ...
Өкінішіті, өкінішті ...
Әттең - ай ...
******************************************
Үндеместен кете берген жолдар да ...
Іздері де өткеннің жанымда,
Бірте - бірте естен шығып, ізсіз болғанда...
Сейілтті ме мына жауын,
Кім білсін үдетті ме, жанымды ұялаған мұңымды..
Серт етіп ем..
Өзгерттім өмірімді, өзгердім гой өзім де...
Ұмыта алмадым, қайтейін...
Жауынмен өткеннің естелігі қайта келіп, баяғы мұңымды артты ма?
*******************************************

Жұбатамыз...
Өзіміз де іздейміз жұбанышты...
Жұбататын жан жоқ болса
Қандай ... қандай өкінішті...
Жұбанышпен сейілтеміз - қорқынышты, өкінішті.
Жұбатамыз...
Жұбанышпен алмастырардай қуанышқа, баяғы сол қайға менен өкінішті...

****************************************
Үнсіздік ...
Бітпес үнсіздік..
Бұрын қуаныш, қазірде жиі мұң әкелетін қыстың ақ көбелегі..
Мұңды әндер...
Ішкі ойлар...
Баяғы өшпес үміт...
Сананың әмірі...
Жүректің үні...
Еріксіз жанардың жасы...
Жыл сайынғы қияли арман...
Күту, күту, күту...
Артынан мұң...
Артынан ұмытуға тырысу...
Сананы еріксіз өшіру
Артынан жұрттан іштегіңді жасыру үшін қуанышты бет пердені кию
Еріксіз жалған күлкі,
Бұл да уақытша...
Жүректің үні мәңгі
Айналып кеп үнсіздік, ойлар, үміт, мұң, артынан жас...
Дүние алма кезек деген рас...

********************************************
Арқалап бір ғана үмітті,
Жүрегім сені асыға күтті
Әркез қарап жолыңа, көрінер деп көздерің...
Ұзақ қарап... Жүрегім де көп күтті..
Әлі де махаббатым бар, бірақ жоқ...
Әлі де бөлмедегі бейнем жалғыз, әрі үнсіз..
Әлі де кірпігімде асылған мұң, жас болып тамшылайды еріксіз,
Неге... неге жауабы жоқ көп сұрақ, белгісіздік шексіз ...

***********************************************
Махаббатым бар, бірақ жоқ...
Бөлмедегі бейнем жалғыз, әрі үнсіз.
Кірпігімде асылған мұң, жас болып тамшылады еріксіз..
Жүрегіңнің есігін жаппа маған,
Еріндерім есіміңді қайталай береді еріксіз ....

***********************************************
Бай да, жарлы да емеспiн мен!
Бiреуден артык, кем де емеспiн!
Жаратушы менi Аллахымды,
Әке- ана, бауыр, iшкен асты сыйлап өскен.
АЛЛАХЫМ берген жаным мен арым бар кеудемде,
Қазақтың қарапайым қызымын мен!

***********************************************

Байқамайсың қызыға қараған жанарымды,
Байқамайсың сенi ойлап мазасы кеткен жанымды.
Ойласан егер өзгенi...
Сiрә, байқамассың менiң жанарымды, жанымды.
Байқамайсың көз iлмей, көзiмнiң қызарғанын.
Байқамайсың жүрегiмнiң сен деп соққанын,
Байқамайсың өзiңнен көз алмай, қызғана қараған жанарымды.
Сүймесең егер..
Сiрә, байқамассың амал қанша?!
Байқамайсың...
Ей дүние, байқамайды..
Қалай қысылғанын жанымның, қалай жас төккенiң жанардың..
Байқамайды..
Ол үшiн елеусiз бiр жандаймын...
Сол үшiн оны кiнәлап, несiне жазғырайын...

**********************************************

Жаным бар, жаным бар кеудемде..
Бiрақ мендегi жан кiм бiледi неге үнсiз күйiнде?
Мұнын айта алмай, iшiмдi өртеп жатыр әр күнде.
Жаным бар, жаным бар ғой кеудемде,
Күндер, айлар...өттi талай жылдар да...
Бiрақ мендегi жан әттең әлi үнсiз күйiнде...
Жылашы, жылап алшы жаным тiлсiз..
Iштегi өрттi қинаған, көз жасым басар күйiктен шыққан ерiксiз..

*************************************************

Кiм түсiнiптi...
Айтшы? Кiм бiлiп, кiм оны түсiнiптi?
Мұң артқан жүректi?
Айыптамас бұрын, сырласып, оны кiм ұқты?
Ақыл бердi әмiрдi, намыс бердi әмiрдi...
Тындағысы-ақ кеп оларды,
Әттең тыңдай алмады...
Қайтсiн? Айтшы ендi, қайтсiн?!
Жаратылысы сол болса, несiне қинай бередi?
Еш жазықсыз жүректi...

************************************************
Арқалап бiр ғана үмiттi,
Жүрегiм сенi асыға күттi...
Әркез қарап жолыңа, көрiнер деп көздерiң...
Ұзақ қарап...
Жүрегiм де көп күттi...
Әлi де махаббатым бар, бiрақ жоқ..
Әлi де бөлмедегi бейнем жалғыз, әрi үнсiз..
Әлi де кiрпiгiмде асылған мұң,
Жас болып тамшылайды ерiксiз..
Неге... неге?
Жауабы жоқ көп сұрақ, белгiсiздiк шексiз...

***********************************************

Менi сүйсең - Тоғжанын сүйген Абайдай сүй..
Менi сүйсең- Баянын сүйген Көрпештей сүй...
Менi сүйсең -Жібектi сүйген Төлегендей сүй...
Менi сүйсең - суды сүйген балықтай сүй..
Бостандықты сүйген аңдай сүй..
Көктi сүйген кұстай сүй...
Менi сүйсең - тау басындағы қардай мәңгi сүй..
Менi сүйсең - адал, таза сүй...
Сонда жанымызды махаббат қылар үй..
************************************************

Сағынайын, сағына берейін мен..
Сағыныштан басқа қалмады ештене не дейін?
Сағынайын, сағына берейін мен...
Асылым көктемдей жайнай бер сен,
Күздей өкініштен сарғая берейін мен...

************************************************

Айыптысың...
Үнсіз қалды жолдарым,
Іштей күйіп, сырттай күліп,
Үнсіз сыр сақтап қалды күндерім...
Айыптысың.. Ойлаймын...
Жоқ болдың, әлі де үнсіз мүңға батамын...
Айыптай берем өзіңді!
Айыптысың, айыптысың, айыптысың..
Періште болып қорғап мені жүрсең де,
Айыптысың... Жалғыздық сыйлап, өзің кеткенге...
Меңдегі жан әлі де қамалған күйінде..
Ұмтылса да саған жетпеуде..
Айыптымын... Мендегі жан сенсіз әлі де ғұмыр кешуде...
Көздегі тамшылардан сенің бейнең қаласам да кетпеуде...

****************************************************

Асықпа... Асықпаша бір сәтке...
Зымыраған уақытым, үлгермей келем әлі де ..
Артта қалған күнімнен, бірде қашып...
Әттең ... бірде жете алмай...
Тоқта.. Тоқтай салшы бір сәтке,
Қоштаса алмай келем әлі де
Ұмыту үшін өткенді, ұмытып келем өзімді..
Өткеннің жаба алмай есігін,
Артыма қарап келем әліде...
Асықпа... Асықпашы уақытым...
Қоштасып мәңгілікке өткенмен,
Әттең, жете алмай келем жаңа өмірге...
Асықпа.. Асықпашы өтінем,
Тұсауланып байланған,
Өткеніммен қоштаса алмай келем әліде ...

**************************************************

Керек пе? Керексіз бе?
Мәнді ме? Мәнсіз бе ?
Таң атты, күн батты..
Жалғап күнде уақытты.
Білді ме? Білмеді ме?
Шексіз сұрақтарға жауап болар ма?
Әлде тағы жұмбақ болып қалар ма?
Жаңардан көрінерді ұқты ма ?
Әлде ол да жұмбақ ,
Әлде керексіз болып қалды ма ?
Бекерге шығып торынан,
Жазғырып өзін қайта сонда қамалды ма ?
Үміттеніп... Нұрын іздеп..
Әттең, одан бетер тағы қараңғысында жалғыз қалды ма ?
Сананы улаған шексіз сұрақтарға,
Аллахым жауап болар ма ?

***************************************************

Еріксіз бағындырған өзіне, дүниенің бір жалғаны - ай ...
Бақытсызды бақытты еткен,
Жүрексізге жүрек сый еткен,
Армансызға арман, мақсат, ұмтылыс сый еткен...
Жаз болып келіп, артынан күз болған,
Ақиқат болып, артынан жалған, бос қиял болған,
Ессіз, соқыр, көзсіз еткен....
Ұшырып, артынан құлатқан,
Бостандық беріп, артынан құлы еткен.
Балын беріп, артынан ащысымен өзекті күйдірген.
Қуаныш беріп, артынан мұңы мен өкініштен арылтпаған
Бақыт, бәрін - бәрін сыйлап...
Артынан жоқ қылған...
Бола тұра, жоқ болған....
Жалғыз қылған дүниенің - 8 әріпті жалғаны - ай ....

****************************************************

Қайтейін, қайтейін ...
Ішіме қосылып жылап жатса жанарым...
Өте берді ылғи жанарымды жылатып жылдарым...
Кайтейін..
Өтірікке күле алмадым...
Жылай берді - ау жанарым...
Әлсізбін осы бір сәтте..
Айыптай көрме, қайтейін...
Жылап тұрса іштегі Айсулу....
Өтірікке қалайша күлейін.....

*****************************************************

© Сұлу Тортайтегi 

newwhiter

Толық тізім

Соңғы өлеңдер

Warning: Creating default object from empty value in /home/users/b/baxaza/domains/sen-ushin.kz/modules/mod_latestnews/helper.php on line 109