Махаббаттың ғажап күйін кештірген Меруертім. махаббат жырлары

Біздің демеуші







Махаббаттың ғажап күйін кештірген Меруертім

Өміріме бақыт боп сезілгенім
Өзіңді ойлап түндері көз ілмедім,
Шынайы махаббатты тарту еткен
Өмірде шын сүйгенім өзің бедің.

Тек өзіңсін нағыз бақыт сезінген,
Ылғи- ылғи өзіңді ойлап көзді ілгем,
Меруертім өмірдегі шаттығым
Махаббатты мына өмірде сездірген.

Алып шыққан мақсаты жоқ ез күннен,
Тек өзіңді бақытым деп сездім мен,
Меруертжан тек сен бе едің өмірде
Махаббатты жүрегіме сездірген.

Сені ойлап өткенімнен бездім мен,
Бездім ғой сол мақсаты жоқ ез күннен,
Меруертау, Меруертау сен бе едің?
Көңіліме махаббатты сездірген.

Аңсап сені, талай жерді кездім мен,
Өзіңді ойлап кей түндері көзде ілмен,
Меруертім, арман айым сен бе едің?
Жүрегіме махаббатты сездірген.

Тек сен үшін өткенімнен кештім мен,
Жұмысым жоқ сенен өзге ешкіммен,
Жүрегіме сен бе едің Меруерт
Махаббаттың ғажап күйін кештірген.

Жұмысым жоқ сенен өзге ешкіммен,
Тек өзіңді сүйемін деп шештім мен,
Меруертім сен бе едің жүрекке
Махаббаттың ғажап күйін кештірген.

Куаныш Сапахов

 

 

 

 

 

newwhiter