Мен не дейін...

Біздің демеуші

На сайте superomatic-casino superomatic игровые автоматы.





Мен не дейін...

Жаз жайдары, өтіп барады күз жақын,
Құстар айтып бара жатыр күзгі әнін.
Терезеден қарап тұрдым сені ойлап,
сол ойымды бөлді білем күз жауын.

Сол жауынның қатты болды екпіні,
Жаралы жан түсінеді тек мұны.
Терезеден тамшылаған нұр жаңбыр,
Тоқтағанда білесің бе?! кеш болды...

Қараңғылық басты білем даланы,
Басталғандай табиғаттың бал әні.
Күні бойы күркіреген түнеріп,
Ақша бұлттар әне кетіп барады.

Басылды ғой аласұрған желі де,
Ағаш біткен жаңарып тұр керіле.
Түн жұлдызын шашқан кезде аспанға,
Ақ күмістей айда келді төріне.

Енді жаным тапты білем тыныштық,
Мұз денеме болған сол бір тым ыстық.
Құұшағыңды сағынғанмен жан сені
Тағдыр менен алып барады алыс қып.

Алыста жүр мейлі жаным жақында,
Бейнең қалар өшпейтұғын жанымды.
Өтінемін,,, көкжиектен әрі асып,
Айналып та кете көрме сағымға.

Қыз да емеспін саған пәктік сыйлайтын,
Сен жігітте емессің ғой қимайтын.
Екеумізге осыншама не болды,
Жанымызды осыншама қинайтын.

Күз де келді, сағыныштың мекені,
Құстар ұшып, жылы жаққа кетеді.
Бауыр басып қалмай тұрып екеуміз,
Арамызды алшақтатсақ нетеді.

Бұл жайында сан мәрте рет ойландым,
Сені менен өзімді де ойға алдым.
"Тағдыр" дейсің сен бұл сезім сыңғырын,
Сол сезімге шыныменен қайраңмын.

Сен қуансаң, қуанамын күндеймін,
Саған жаным жатырқауды білмеймін.
Жүрегімде жатқан мұзды жылытар,
Жаным деген сөздеріңмен емдеймін.

Баға жетпес сағаттарды өткізген,
Алыс-алыс армандарға жеткізген.
Екеумізді қауыштырып түн шырақ,
Ай, жұлдыздар серік болды тек бізбен.
(А-ға шын жүрегіммен)

 

© Мерейден 


newwhiter

Толық тізім