МЕН СОНДАМЫН Рахат ӘБДІРАХМАНОВ шығармашылығы

Біздің демеуші








МЕН СОНДАМЫН

Қаһарлы қыста іздесең мені, мұңайма!
Қыста да көркем, көңілге әсем шырай бар!
Аспанға қарап,
Жапалақтаған ақ қардың
Астына тұрып, құшағыңды аш та, шыр айнал...
Мен сондамын.

Көктемгі шамдар ұйқыға кетіп сөнерде,
Жоғалтып алып, жұлынып, мені... Көгерме...!
... теректің түбін саялап, түнде баққа бар...
сол жерде сенің шашыңды тарап, өбер леп...
Мен сондамын.

Жаз келіп ...
Күн күлсе көкке жетелей кетер шар-қалып
Адыра қалып құрсауға түссең арбалып,
Көз жасыңменен бақбақ гүлді алшы суарып,
Шалғынға барып «Көгілдір тоғандардағы»
Мен сондамын.

Сағыныш түті сарафан киген сары күз,
Жалғыздық атты қалдырып кетсе жаныңа із.
Жының кеп маған, ренжісең...
шашылып жатқан
жапырақтарды тепкілеп өтші, Сары қыз!
Мен сондамын...

Қарасы күпті...
Қара суықты қараша
Мұңыңды сезіп, мүсіркеп егер қараса,
Ішіне кір де сендегі жалын-жүректің,
есігін алып, тас қылып тартып жаба сал!
Мен сондамын!


 

Әбдірахманов Рахат Ермекұлы

20110411212929__34444