Вокзал Рахат ӘБДІРАХМАНОВ шығармашылығы

Біздің демеуші







Вокзал


Вокзал сынды солғын бақ,
адамға толы сырты, іші,
Қоштасқан жандар қол бұлғап,
табысқандардың күлкісі...
Елеусіз бәрі бір күннің
бейнесі ғана секілді,
Жүректердегі сыр-мұңның
сезімнің бәрін не түрлі,
түсінем мен де...Ой ызғар.
Бұрқасын-түйсік. Не етесің?!
Бір күні сен де пойызға
отырасың да, кетесің.
Мен болсам қалам қалада
мұңменен қайта табысып,
Жетіп кеп алған жағадан
сағынышпенен алысып,
Қауышам қайта шығыммен
жүректі күрең мұң басқан,
таусылып көңілді әнім де,
жабыққан жаңа жыр бастап...
Вокзал маған солғын бақ,
Адамға толы сырт-іші.
Қарашы, темір жолдың да
не деген суық түр-түсі.
Қарасам болды: ой-ызғар,
бұрқасын-түйсік.Не етесің?!
Бір күні сен де пойызға
отырасың да кетесің!


 

Әбдірахманов Рахат Ермекұлы

20110411212929__34444