Вокзал2 Рахат ӘБДІРАХМАНОВ шығармашылығы

Біздің демеуші








Вокзал-2


Вокзал маған бір үміт
күдіктердің де тобы бай
Темір жол бойын жүгіріп
кететін күштің жоғын-ай!
Арманда шіркін шек бар ма?
Қиялдың жолы бір басқа.
Сен мені жынды деп қалма,
бос вагондармен сырлассам.
Пойызда оырғаныңда,
күн жауса аспан гүрілдеп,
Нөсерлеп берген жауынға
қарай сал, жаным, күлімдеп.
Терезеңді ашып сәл ғана,
қолыңды тосшы тамшыға.
Мен саған жеткізе алмаған
мөлдірлік сонда бар шығар.
Мен саған жеткізе алмаған
бар шығар сонда жылылық.
Мұңыңды айтшы...Паң дала
сырыңды алсын жыры ғып...
Вокзал маған бір үміт,
күдіктердің де тобы бай.
Темір жол бойын жүгіріп
кететін күштің жоғын-ай!
Заңдылық алып жетекке,
пойызым келсе өте күн...
Махаббат атты бекетте
секіремін де кетемін!


 

Әбдірахманов Рахат Ермекұлы

20110411212929__34444