Сен мені шақыр Рахат ӘБДІРАХМАНОВ шығармашылығы

Біздің демеуші









Сен мені шақыр...

Ақбауыр бұлттар ойыны қанып тараса,
Бола алмаса егер мұңыңа жұлдыз араша...
Сағыныштардан сарғая бастап реңің,
Ызғары қысып, ызаңа тисе қараша
Сен мені шақыр

Дәрменсіздігін мойындай алмай қан-қақсап,
Шырқалар шағын сағына тосып ән жатса.
...Мазасызданған құйын көңілің жай таппай,
жүрегіңді алып шыр айналдырса қаңбақша
сен мені шақыр.

Мазасыз ойлар: «сапарға кеттік бері кел» -дей..
Терезеңді ұрып жыныңа тисе телмеңдей.
...Нәресте жаның бөленіп жатқан бесігің
қараусыз күйде қалатын болса тербелмей
сен мені шақыр.

Күңірене алмай , күйшісіз жатса күй қалып,
Сыртқа шықпаған сырларың қалса жиналып.
...Махаббат атты зәһәрді жүрсең іше алмай...
Қос бокалға алып тепе-тең бөліп құй дағы,
СЕН МЕНІ ШАҚЫР!

 

Әбдірахманов Рахат Ермекұлы

20110411212929__34444