Ең алғашқы махаббатым-САБЫРЖАН (1)!

Біздің демеуші

Ең алғашқы махаббатым-САБЫРЖАН (1)!

 Мен ол жігітті 2007 жылдың 17 қарашасы күні алғаш көріп едім.Онымен бір күн бір жерде жүрсем де,таныспадым. 30 қараша күні жақын құрбым Салтанаттың туған күн кешіне бардым.Біз 10 сынып оқитынбыз.Сол кешке ол жігіт қонақ болып келді,өзі домбыра тартып,ән айтады екен.Сол жерде ол мені танып, амандасты.Кеш басталып,тілек, ән айтылып,би басталды.Ол жігіттің есімі-Сабыржан болатын.Ең алғашқы әуен грек әні қойылып,вальс басталды.Екеуміз биледік.Сөйлестік.Жақын таныстық.Оның айтқан әндері маған қатты ұнады,"Сағынсам, қалай шыдаймын" деп ән салды.

Мен ол кезде ешкіммен кездесіп көрмеген едім.Сыныптас қыздар,ол жігітпен араласып көрсеңші деп қоймағасын,мен оған хат жібердім.Мен ақылсыз емес едім,бірақ ондай жағдай көп адамдар үшін ұят саналса,маған олай болмады.Екеуміз кездестік,сөйлестік.Мен ол кезде сабақтан соң,воллейболға баратынмын,бірақ біз ұзақ сөйлесе алмайтынбыз. Ол маған кешке кездесейікші деп ұсыныс жасады,мен оның қажеті қанша,күндіз кездескен жақсы емес па дедім.Ол қатты өтінді,сосын келістім.Алғаш рет 13 желтоқсан күні түнде кездестік.Екеуміз жақын танысып,ата-ана,бауырларымыз жайлы айттық.Сосын ол менен сұрады:"Шын ғашықтар қосылмайды дейді ғой,неге?" деді.Мен білмеймін дедім,олай емес шығар деп. Бір сағаттай уақыт өтті,мен үйге кірем дедім, сосын ол маған мені сүйші деді,мен бетіңнен сүйейін деп едім,ол өзі мені сүйіп алды,мен тез үйге кетіп қалдым.Осылай мен ғашық болдым,қыз болып алғаш рет жігітпен кездесуге шықтым.

Одан кейін біз бірнеше рет кездестік.Мен оны қатты жақсы көрдім,сағынып жүрдім.Телефонымыз жоқ еді,хабарласа алмай жүрдік,оны сағынып,көзіме жас келетін болды.Мектепте өте жақсы оқитын едім,староста болған соң,әрі үйде әкем үйрететін,мені ұлдар ренжітсе,оларды ұратынмын.Ақырындап өзгердім, әлсіз болып кеттім. Менің жігітім ол кезде көрші ауылға ағасына көмектесуге кетіпті.Біз кездесе алмайтын болдық.Солай күндер өтіп жатты,кейін телефонмен смс жазып жүрдік.Мен оны 3 айдан кейін көрдім,оған сыйлық алдым, 26-мамырда біз 11-сыныптарды шығарып салу кешін жасадық,сол күн Сабыржанның туған күні еді,кеш аяқталған соң,ол мені шығарып салды.Екеуміз кездесетінімізді үй-іші білгенде,қарсы болды.Ол кездер мен үшін қиын диді.Біз тағы бөлек кеттік.Мен ауылда,ол Алматыда болды.Бізді тек телефон байланыстырды.Екеуміз мүлдем ренжіспейтінбіз.Содан екеуміз 4 айдан соң кездестік,ол мені құшағына қыса, сені қатты сағындым деді.

Олар біздің ауылдан көшіп кетті. Мен қиналдым,жыладым. Екі ай өткен соң,ол маған хабарласты. Астанада екен,енді күнде сөйлесе аламыз деді.Мен ҰБТ-ға дайындалып жүрдім,ол маған "сабақты жақсы оқы бұзық қыз" деп смс жазатын.Бір-бірімізді сағынып жүрдік,мені қуантатыны ол әр Жұма намазына баратын,мен тест тапсырған күні де,Намаздан келе жа тырмын,қалай тапсырдын деп хабарласты.Тест нәтижесі шыққан соң,енді Астанаға оқуға келші деп жүрді.Өзі 13-маусымда ауылға келді,9 ай бойы бір-бірімізді көрмеген соң,қатты сағындым, оны көргенде құшақтап тұрып,жыладым.Екеуміз бірге отырып,
Жанын нәзік гүлсің бе жаным,
Ұмыта алмай жүрсің бе жаным,
Өткен менен кескенді ойлап,
Қара түнде күрсінбе,жаным.
Бірге өткен кештерім үшін,
Қалсын осы ән естелік үшін.
Сені мәңгі аялап өтем
Жүректегі көктемім үшін,-деп ән салдық. Ол сол жолы 10 күн ауылда болды,біз күнде кездесіп жүрдік,бір құрбы қызымның туған күнінде таңға дейін жүрдік. Онымен өзімді сондай бақытты сезіндім.24-і күні ол мені Алматыға шығарып салды.
Сосын 10-тамызда мен грантқа оқуға түскенім белгілі болып, оған қуана хабар бердім. Ол Астанада еді, мен Солтүстік Қазақстанда оқитын болдым. Мен Астанаға барған күні онымен мүлде хабарласа алмадым,көңілім түсіп,қатты жабырқадым.
Оқу басталған соң, аздап сөйлесіп жүрдім,бірақ ол өзгеріп кетті.Күндер өтіп жатты,бір күні маған бір қыз хабарласып,мен Сабыржанның қызымын деді.Мен сенбедім.Сабыржанға звондап,сұрасам,мен ол қызды танимын,ертең сөйлесемін,ештеңе ойлама деді.

Бір күні Сабыржан маған звондап,енді біз сөйлесе алмаймыз деді.Содан номері сөндірулі тұрды. Жаңадан оқу бастаған маған,бәрі қиын соқты,үйдегі Апатайымды сағындым,әр күнім жылап өтіп жатты. Сол кездерде оның бір досы маған кем дегенде аптасына 1 рет телефон соғатын,одан мен Сабыржан қайда деп сұрасам,ол білмеймін деп жауап беретін. Көктемде ол маған Сабыржанның қызы бар еді ғой,Мәдина деген деп айтып қалды.Бір телефон номерді айтқанда жазып алдым.Жаз кезі болатын, мен сол Мәдинамен таныстым телефон арқылы. Мен одан Сабыржан қалай деп с ұрағанымда,ол айтқысы келмеді. Менен қызғанғанын байқадым,сосын мен оған сендерге тек бақыт тілеймін дедім.
Жалғасы бар...                                

Шынар

Соңғы өлеңдер

Warning: Creating default object from empty value in /home/users/b/baxaza/domains/sen-ushin.kz/modules/mod_latestnews/helper.php on line 109