Сонда менің жүрегім сол жігітті ұнатқаны ма еді...?

Біздің демеуші








Сонда менің жүрегім сол жігітті ұнатқаны ма еді...?

   2009 жылдың 2 ақпан күні кешкі Алматы-Орал бағытындағы поездъға отырдым. Өз орнымды тауып алып жүктерімді орналастырып, сыртқа қайта шығып мені шығарып салғандарға рахметімді айтып, қайта міндім. Өз орныма келсем касыма көрші болып бір жас жігіттің келгенін көрдім мен «салеметсіз бе, кеш жарық !-дедім» жігіт те жылы шырай танытып салемімді қабыл алды. Жөн сұраса келе жігіттің Орал қаласына бара жатқанын сол жақтың тұрғыны екенін білдім. Жол ұзақ біраз сөйлесіп, жөн білістік. Мен Алматы қаласында 4 жыл студент болғанда жолай танысқан жігіттерге негізі өз телефон номерімді бермейтін едім. Бірақ осы жігіт қалай екенін білмеймін менін телефон нөмерімді алып алды. Міне түнде ортасынан ауа бастады біз қарама-қарсы отырып алып әңгімелесіп отырмыз. Мен ұйқым келіп шаршап орнымда жатыр едім. Жігіт маған қарама-қарсы қарап жатып «маған тұрмысқа шықшы» деді. Енді ойлаңыздаршы жаңа ғана танысқан жігіт қызға солай айтқанын сіз қалай қабылдар едіңіз. Менің жауабым әрине «жоқ» болды. Себебі де түсінікті еді мені сен, сені мен толықтай танымаймыз ғой деп жауап бердім. Оның алғашқы қызықтырған сұрағы «Жігітің бар ма жоқ болса негізі жігітпен жүрдің ба?». Әрине менің сол уақытқа дейін жігітім болған емес, мүмкін осы жауабым қызықтырды ма екен. Ол менің жігітпен сүйіспегенімді естіп, қасыма ауысып отырды.


Кенет мені қапсыра құшақтап алып, сүйе бастады. Әрине менде қарсылық көрсетіп олай болмайтынын айттым. Бірақ іштей сол жігітті ұнатып тұрдым. Бір уақытта телефонындағы фотоларын көрсетіп, айтып жатты. Мен оның телефонын қолыма алып ішінен бір қызбен түскен фотоларын байқадым. Ішімнен түйгенім ол оның сүйіктісі немесе мен сияқты уақытша қызығушылығы шағар деген ой келді. Соны біле тұрсамда ол жігіт ұнаған болатын. Міне таңда атты ол мені оятып алып кешке дейінгі уақытты бірге өткіздік. Қараңғылық түсіп, меніңде межелеген жеріме жетіп, поезддан түсетін уақытымда болып қалды. Ол мені шығарып салмақшы болды, мені күтіп алған туысқандарыма менің жігітім екенін айтатынын жеткізді. Бірақ менің өтінішім бойынша ол айтпауға келісті. Қайдағы жігітім ойлаңыздаршы бір түннің ішінде адамды танып-біліп ұнатып қалуға болады ма, мен үшін бұл уақыт өте аз еді. Жерге түсіп менің сумкаларымды түсіріп беруге көмектесті. Екеуіміз осылай қоштастық. Ол күлімсіреп қарап тұрып мені шығарып салды. Кейін үйге келгенде мойнымда оның із қалдырғанын байқадым, үйге жеткенде ол қоңырау шалды оған айтып ренжігенімде ол мені біраз уақытқа дейін ұмытпай есте сақтасын деп едім деп ақталды. Осылай күндер өтіп жатты , ол үйге хабарласып тұратын. Сондағы айтқаны Астанаға қайта жұмысқа барамын деп еді, негізі онда бармай сол Орал қаласында өз ауылында қалғанға ұқсайды. Қоңырау шалғанда сұрайтыны оған тұрмысқа шығатыным жайлы еді. Кейін оны қызықтырғаны біздің елдің қызға сұрар қалың малы мен жөн-жоралғысы, оны естігенде айтқаны сонда мен ол қызды сатып алған есептемін ғой, кейін ол қызға не болса соны жасата беремін ғой себебі мен оған қанша қаражат жұмсаймын дегені. Міне, жігіттің осы сөзі мен үшін өте қатты ойланатын жағдай болды.


Негізі мен жігітті ұнатып қалғандай едім, кейін ұмыта бастадым. Енді ұмыта бастағанымда ол қайта хабарласып есіме түсетін еді. Кейін өзім оның туған күні мен айын білетін едім сол арқылы агенттен тауып алдым. Міне кейін агентпен сөйлесіп тұрдық. Осылай жылдар өте бастады. Менің алі тұрмысқа неге шықпағанымды сұрап, таңғалатын, неге сендей қызды жігіттер көрмейді олардың барлығы соқыр шығар деп сұрайтын. Кейін оның барлығы ұмытылды менің үй телефонымнын номері өзгеріп ол хабарласпайтын болды. Агентте отырғанымда менің номерімді сұрағанында менің бергім келмеді, немес мен оның ермегі болғым келмеді ма? Есімде болса 3 жылдан кейін ғой деймін мен ол кезде оны агенттегі почтамнанда өшіріп тастаған кезім еді сол кездері оны қайта тауып алдым. Тауып алып фотоларын көріп отырып, оның мирындағы бір қыздың аватарында жігіттің фотосының тұрғанын байқадым, сол сәтте жүрегімде бір ерекше өзгеріс десем ба екен кішкене бір төңкеріс болғандай еді. Сол қыздың фотоларын ашып қарасам жігіттің аяулы жары екенін көрдім. Міне, осылай поездъда танысқан жігітімнің үйленгенін білдім. Мен негізі ғашық болмадым деп ойлайтынмын сондағы бойымдағы өзгерістерден ой түйгенім жігітті шыныменде ұнатқаным ба қалай? Өзімде түсінбедім. Бірақ сол фотоларды көріп отырған сәтте ішкі жан-дүниемде қызғ аныш сезімі ма немесе сағыныш сезімі ма бір түсініксіз сезім жылт етті де қайта өшті. Сонда менің жүрегім сол жігітті ұнатқаны ма еді...? Онда неге сол жігітпен қол ұстасып кетпедім... (Бірақ қорықтым тым алысқа өзім танымайтын адаммен қол ұстасып кетуге, бұл не сонда? Әлде өзіме деген сенімсіздік па немесе елге күлкі болмаймын деген тәкәппарлық па еді? )

                                                                                                     

Жолдағы Ару