Білмеймін қандай сезім екенің...

Біздің демеуші








Білмеймін қандай сезім екенің...

   Осыдан 4 жыл бұрын бір жігітпен, басқа адамдар сияқты агент арқылы таныстық. Әрине, бас кезінде мен мендікпен менсінбедім, жазбай қойдым. Себебі, ұл баланың таныса салып "кездесейікші" деген сөздері мүлдем ұнамайтын. Өз басым олай жазғандарды өшіріп тастайтынмын. Ол жылдары агент мен үшін біраз қызық еді. Агентті жаңадан ашып, ондағы адамдармен жедел хат арқылы жіберіп сөйлесу қызық болатын. Сонда да болсын, мен абайлап сөйлесетінмін. Қалай дегенмен, бекер отырмай жігіттердің психологиясын зерттедім десемде болады. Бірақ бұл бала кезде сейікші дегенде үндемей қойдым, өшірмедім де. Ол қанша мазаны алса да, отыра бердім. Уақыт келіп, ол менен телефон нөмірімді сұрады.


Бермеймін -деп тік жауап қайырдым. Неге?- деп сұрап қоймады. Жоқ дей салдым. Қайдам, ойдан телефоннан отырғаным есімнен шығып кеткенді. Ол мазақ қыла бастады, ойнап жазып, баламысын дегендей))Өзің телефоннан отырсын ғой деп. Сонымен, мен онымен сөйлесіп кеттім. Басында орысша жазысатынбыз. Оның кейбір қателерін көріп қазақша жазайық дедім... Жазысып жүріп телефон нөмірімді бердім еріксіз. Басқалар сияқты емес, көп мазамды ала бермейтін. Маған қатты ұнады. Мазамды ала берсе, сөйлеспей қояр едім. Кездестік. Кездесуге өзім шақырдым. Себебі менде қолайлы кез, уақыт бола бермейтін. Ол шақырғанмен, мен келе алмайтынмын. Шынымды айтатын болсам, бұл менің алғашқы қыз ретінде кездесуім болды. Сөйтіп, мен оны Көк-төбеге шақырдым... Кешкіге, жұма күнгі концерт болады деп ата-анамнан әрең дегенде шықтым. Әкем алып келді, өзі алып кететін болып шештік. Бірақ ақымақтықпен, жан досымды бірге алып бардым. Қазір түсінгенім кездесуге, мүмкіндік болса, жалғыз бару екен. Сонымен, мен,ол, жан досым үшеуіміз жүрдік. Үшінші-артық болып жүргендей болғанымен, мен оны қасымнан тастамадым. Қалай дегенмен, ол менің жан досым еді. Бірақ досымның ақылы жоқ емес, бізді оңаша тастап кетті. Өздерің отырып әңгімелесіп алыңдар деп. Отырдық. Мен әлі де болсам , кішкентаймын деп ойладым, жаман қылыққа жақын емес едім. Жаман қылық деп отырғаным -сүйісу еді. Мен тіпті де сүйсіп білмейтін едім. Ұнатып қалғаның айтып бастады, аяғында құшақтағасы келді, жарайды деп алыстан жақын келіп, жаңына отырдым. Өзі туралы көөп айт ты. Менде қалыспадым. Мақтаныпта алды. Онысы енді тьым артық еді. Түр-сыйпаты жаман емес еді.


Сүп-сүйкімді, бойы ұзынырақ келген болатын. Менен 4 жас үлкен еді. Бір уақытта, маған тисе бастады, құшақтап, сүйші деді. Ал мен ішімнен Құдай сақтасын жынды ма өзі -деп отырдым. Қорқып кеттім. Қашпақшы болдым. Адамдар көп, дегенмен ол мені шеткі жақтағы орындыққа алып келгенді. Бірақ қанша қинап сүймекші болғанмен, мен оған сүйдірмедім. Маған бәрі ерсі көрінуші еді. Кездескенге дейін, мен оған виртуалды түрде ғашық болдым.(АҚЫМАҚТЫҚ). Түрін көрместе н, айтқан сөздері еріксіз адамды баурайтын. Сөйлескен кезде, ақылын айтып жүретін. Бірақ осы кездесуім онымен алғашқы және соңғы рет екенің білмеген едім. Бірақ, солай болып қалды. Оның жанында отырғандағы дірілімді көрген адам күлерме еді,білмеймін. Бірақ, менде бауыр басып қалдым сол кезде. Сөйтіп, үйге де келдім. Жол бойы досыммен тырқ-тырқ күліп келдім. Ол жайлы айтып. Онымен қимай қоштастық десемде болады. Артымнан қолын бұлғап қарап тұрды, көлікке отырғанымды күтіп. Мен оған әкеммен таныс, қазір келгенде деген едім, таныспады. Жарайды, сөйтіп үйге келдім. Ұйықтай алмай, әлде бір сезім мазалады ма, білмеймін, бірақ мен оны қатты ұнатып қалдым. Қанша дегенмен, сүйісейікші деп қинағаның ұмытып та кеттім.


Түнімен қуанып, жүректің дірілін баса алмадым. Егерд, бұл кездесу соңғы екенің білгенімде, мен кездеспес едім. Келесі күні сөйлеспеді, менде күтпеген едім. Себебі, уақытым болмады. Шет елге кетуге дайындалдым. Сөйтіп,15 күн рахатында, мен тек оны ғана ойлаумен болдым. Тезірек Қазақстанға барып оған арнап алған естелігімді берсем деумен жүрдім. Кішкентай болса да, шын жү ректен әрі әдемі еді. Ол, 15 күннің бірінде ойымнан шыққан емес еді. Хабарласамын дегенді, бірақ хабарласпады. Күттім. Басқаларға өздерінің ғашықтары хабарласып жатты, ал ол жоқ((( Әрине, ауыр болды маған. Келдім, асыға күткен қалама. Әуежайдан көретін шығармын дедім. Күтіп аламын деген еді. Ол жооқ. Бірақ қатты уайымдамадым. Әйтеуір, жүрген шығар. Уақыты жоқ шығар дедім. 1 КҮН ДЕМАЛЫП АЛЫП, агентке кірдім. Хабарласып айтпадым, келгенімді. Агентке кіріп ренішімді айтпақшы болдым. 1 күн күттім. Сосын, смс жаздым. Барды. Ашты. Оқыды білемін. Бірақ , жауапсыз. Ол кетпей тұрып , маған басқаға ғашық болып қалатын шығарсын мені ұмытып кетіп, дегендей әңгімелер айтқан болатын. Сенбестей сезім бар екенің айтқанды. Бірақ, олай болған жоқ, ол жақта тек соны ғана ойлаумен болдым. Ең ауыры ол мүлдем хабарсыз кетті. Не нөмірі өшірулі, не агентте жоқ. Бәрінен үнсіз ғана жоғалып кетті. Әлі күнге хабар күтемін. Сол хабарласар деген оймен бірде-бір рет нөмірді ауыстырсам деген ой болмаған еді. Үнсіз ғана жоқ болды. Бірақ қанша қазір хабар күткеніммен, менің сезімім оған деген сөніп қалған баяғыда. Хабарсыз кеткені үшін, мен талай жыладым. Ешқашан , махаббатта жылмаймын дегенмен, ол мені жылатты. Сағымдай ғайып болды өмірден, мен үшін. Кездесудің алғашқы да, соңғысы да осы болғанына жаным қатты ауырды. Бірақ, қазір бәрі ұмыт...

                                                                                                     

Жұмағалиева Аяулым