Сені әлі де сүйемін...

Біздің демеуші








Сені әлі де сүйемін...

   Сен үшін - ді жан досымның кеңесімен оқи бастадым) Басында хикаялары онша ұнамады бірақ оқи берген соң ұнай бастады да сосын өзімнің хикаямды қосқым келді. Қазір басымнан қиын кездер өтуде.. Дәл осы күндері шынын айтсам менің сүйген жанымның орны ерекше білініп жатыр.. Оның қолдауынсыз қиналып жүрмін.. Арамызда қанша реніштер мен ұрыстар болса да оны ешқашанда бір сәтке де жадымнан шығармадым.. Ол туралы нақтырақ айта кетер болсам:
Бәрі 2012 жылдың жаз айында басталды... Оны ағамның тойында көрдім сол кезде ол менің есімде қалды.. Немен екенін де білмеймін бірақ оны көп ойладым.. Кейін екеуміз сөйлесіп жүрдік, кездестік. Алғашқы махаббатымнан кейінгі шын жүрегіммен сүйген адамым осы жан еді. Мен жаныма(екеуміз бір бірімізге әрқашан да "жан" деп сөйлейтінбіз)шексіз сендім. Алғаш кездескен күннен бастап менің жүрегім тек оған тәуелді екенін сездім)) Әлі күнге дейін солай.. Көп сөйлесіп, бір бірімізді жақсы тани бастадық. Сосын екеуміз жүре бастадық. барлығы да керемет болған. Туылған күніме ең қымбат сыйлық жасады)) мен оны қайтарып бердім.. қайтарғым келмесе де мәжбүр болдым.. Мұны ешқашан ұмытпаймын.. Әр туылған күнім жанымды еске алумен мұңды боп өтетіні анық.. Біз түк ұрыспайтынбыз. Біз тура 5 ай жүріппіз. Осы қысқа мерзімде ол менің өмірімнің мәні болды.Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын.Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Жаңа жыл кешіндегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрс а да жүрегімнің төрінде қалатын сөзерді есіттім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп отырмын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді.
Санасам сөйлеспегенімізге 3 ай болыпты.. Оның даусын сағындым. Оған деген сағынышым бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзіме арман еткенмін, ол менің армандарымды өзімен қоса алып кетті. Есімде жоқ соңғы рет қашан күлгенім. Онсыз өткен күндерім тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірімді жалғастыруға барынша тырысып жатырмын. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.. Кеше түнде оған өзім хабарластым бірақ ол көтермеді... Сол кезде гі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Хабарласқан себебім сол күні досым ауырып қалған тек сонда ғана түсіндім адамның өмірі бір тұтам екенін. Одан соң түнде көрген түсімнен де қорыққан болар.. Бірақ ол көтермеді.. ішімдегі сөздерім тағы да ішімде қалды.. Мұндай батылдықты жанымнан үйрендім!)
Сіздерге айтарым кез келген түкке тұрғысыз сөзге бола ұрыспаңыздар)) Өмірде ата ананың, достың, туыстың орны бөлек болғанымен. Қанша адам қолдап жаныңнан табылса да.. Сүйген адамыңның ыстық алақаны мен "сені сүйем жан" деген сөздеріне жетпейді(( Бағалаңыздар, сезімдеріңізді суытпаңыздар.. Өкінетіндей қылық жасамаңыздар.. Қыз баламын, намысым жібермейді деген ойлардан аулақ болыңыз. Сүйген адамыңды басқа адамның жанында көргенше оның сезімін суытпай қайтарған әлдеқайда дұрыс деп ойлаймын. Қазір мен оны күтпеймін.. Қолымнан келер нәрсені істедім, хабарластым. Оның өз шешімі болды, өз таңдауы.. Оның таңдауын еш өкінішсіз қабылдаймын. Енді еш өкініш болмайды)) Мүмкін уақыт өте келе басқа жан менің жүрегімді жаулап алар, мүмкін иншаллах ол менің балаларымның әкесі болар. Сонда да менің жүрегім тек Жанымның қолында...
Менің оқиғам осы)) Қызықсыз, мұңлы болмаса да.. осы))
Бүгін мүмкін бәрі өзгерер.. мүмкін ол мені қайтаруға тырысыр.. Ол кезде әлемдегі ең бақытты жандар болармыз)) Ал Егер осылай жалғасып, бір бірімізден алыстаған күннің өзінде де иншаллах ұлыма оның атын беремін. Оны ешкімге де қимаймын.. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Оны мәңгі сүйіп өтемін. Ойлаған сайын көзіме жас келеді.....
Жан сені сүйемін... Өмірде сүйгенім тек сенсің...
.

                                                                                                     

Бану