Қызық екен...хммм...шыны керек бұл қылығыма не жыларымды, не күлерімді білмей...

Біздің демеуші








Қызық екен...хммм...шыны керек бұл қылығыма не жыларымды, не күлерімді білмей...

   Нұрсұлтан...құлаққа жағымды естілетін әдемі есім...өзі де сондай...кез келген қыздың жүрегін баурап, көзінің қиысымен көңілін жаулап алатын жігіт...
Екеуіміз, 2011 жылы жаздың соңғы айында таныстык, агентте гой, негізі басында, өзі авторизация жіберді, менен 2 жас кіші болғасын, аса катты мән бермей отырдым, кейін 2-3 апта өткесін, блокқа «Кім менімен билайнмен сөйлескісі келеді» деп жазып жіберді, ерігіп отырған мен «мен...бірақ сен маған телефон соқпассын» деп жауап беріп едім, бірден «неге олай дейсіз» дегеніне, мен «жасымыздағы айырмашылық ше» дедім, екеуіміз бірден сөйлесіп кеттік, сосын, номерімді алып, екеуіміз сол түні ұзақ сөйлестік, менің логинімді оның көршісі менің танысымнан алғанын айтып, отбасысы, өмірі туралы біраз әңгімесін айтты. Сол түннен кейін менің ұйқым қашты... күнде хабарласып, сөйлесіп...тек Нұрсұлтан деп өмір сүре бастадым.... Нұрсұлтанның өзі де, тездетіп кездесейікші, күнсайын сағынып барамын деп... Мен телефон арқылы оның мамасымен, бауырларымен танысып, біраз бауыр басып кеттім. 1 жарым 2 ай араласқаннан кейін мен тұратын қалада кедесетін болып келістік. Келеді деген күн туғанша жүрегім дүрсілдеп, кеудемнен жұлынып кетердей болатын, сол күн тезірек келсе екен деп асыға күтіп жүрдім. Ия...міне. .туды ау, сол күн... шыны керек басында оның келетініне сенімсіздікпен қарадым, кім білсін...мүмкін, ерігіп жүрген бала шығар, мені не істейді, оның үстіне өзінен 2 жас үлкен қызды, келмейтін шығар деп жүрдім... сонда да, келетін болғасын, бір таныстарымнан сұрастырып пәтер жалдадым. Сосын бір кезде хабарласып «Жаным, мен автобустан түсейін деп тұрмын» деді... Аллай, менің сол кездегі түрімді көрсеңіздер ғой, «Автовокзалға тездетіп келші, сағынып кеттім сені» деп тағы телефон соқты, үйден автовокзалға қалай жеткенімді білмей...міне, ол, менің сүйгенім, менің жаным, менің жалғызым...құшағыма алдым ау, шіркін, бұл сәтті тым көп күткендеймін, өмір бойы күткендеймін! Көптен бері кездеспеген жандардай, автовокзалдың алдында бір бірімізді жібермей ұзақ тұрдық... менің қуанышымда шек болмады.
Кейін пәтерге бардық, бірге болдық... жо-жоқ, жаман ойлап қалмаңыздар...арамызда еш нәрсе болған жоқ... біз тамақ іштік отырдық, әңгімелесіп, ойнадық, күлдік, жастықтармен төбеселіп...баланың істерін жасап...таңатқанша дейін төсекте аунап жаттық...келесі күні ол кететін болды, ал маған таңертен жұмысқа бару керек болды... мен жұмысқа кеттім, ал ол қалды, автобусы кешіректеу болды. Мен онымен қимай қоштастым, жібергім келмеді...бірақ ол кетті...және қайтып келуге уәде берді.
Кейін екеуіміз сөйлесіп, болашаққа жоспар құрып...бірақ оның барлығы жай болды... Сенесіздерме, мен мұндай сезімді алғаш рет басымнан өткердім, мүмкін, аңқаулығым шығар, алде сезімнің елігі ме...мен Нұрсұлтаннан басқа ешбір жанды байқамадым. Ал ол болса, менің айтқандарыма көнбеген сияқты...өйткені, ол негізінде қыздардың ортасында жүріп, қыздардың көңілінде жүріп үйреніп қалған жігіт, ал мен оны боқауыз сөз айтудан, темекі тартудан, жаман істерге бармаудан арылттым, үйіне, отбасысына жақын болуға үйреттім...соған шыдамаған ғой шамасы... Екеуіміздің арамыз суи бастады, өзі сағынып анда-санда хабарласып тұрды, бәрі үшін кешірім сұрап...мен бәрін түсіндім, ол жас қой, ал мен оған тым көп жүк артып қойған сияқтымын...міне сонымен бәрі бітті дегенде...
Бір күні 8-наурыздан кейін, Нұрсұлтанның Бексұлтан деген інісі хабарласты...бізге жедел арада сенің көмегін қажет, апа көмектесші (сестра, помоги пожалуйста), Нұрсұлтан бір былыққа кіріп кетті, не істейтінімді білмеймін, деді...сондағы көмегім Нұрсұлтанды 3-4 күн ешкімге көрсетпей тығып қою еді, папаммен және ініммен сөйлесіп, келісіп, жақсы келсін дедім...сонымен Нұрсұлтан бірнеше күн менің жанымда, менің үйімде қонақ болды...әр істеген ісінде маған деген қамқорлық жұбаныш сезіліп тұрды, екеуіміз ғана қалғанда белімнен құшақтап, шашымнан иіскеп тұратын, бірақ таңертеннен кешке дейін өзінің қыздарымен сөйлесіп жүрді, бұл менің намысыма тие бастады, қинала бастадым...сосын, сол күндердің ішінде менің әкем көз жұмды...тым қатты қиналып кеттім, тек інім мен Нұрсұлтанның арқасында аяғымды басып жүруге ғана шамам жететіндей болды. Папаны жерлегеннен кейін ол өзінің қаласына бір шаруаларын шешуге кететін болды, бірақ міндетті түрде қайтып келемін, осында тұратын, жұмыс істеймін, пәтер жалдап тұрамын деді...
Ол кетті...кеткесін, туысқандарым оны ұнатпағандарын айтып біраз менің көңілімді түсірді...Жане мен сол кезде екеуіміздің арамыздағы адам санасына қонбайтын ара-қатынасқа үлкен нүкте қоюға бел будым...енді қайтып келме, енді қайтып сені көргім келмейді, енді қиналғым келмейді деп айтып тастадым...сенімдісін бе, соңғы шешімің бе деп сұрады, ия дедім қатты. Мен үшін бұл тым ауыр болды, бұл жалғандағы екі жақын адамымды жоғалту...тым ауыр кінә. Қайтейін енді, басқа қандай амалым болды...оны да қинамайын, бостандыққа үйренген бала, сол бостанды ғында жүре берсін, бұл екеуімізге де жақсы болар дедім гой...кейін тағы сөйлесіп, жағдай сұрасып жүрдік, түсімде көремін, түсімде де өңімде сияқты Нұрсұлтан байқап жүрші, бірденеге ұрынбай деп, ешкімге сені бермеймін деп жылап жүремін... бүгінде ол да қиналып жүр (кім білсін, менің аққан жасымның кінәсін өтеп жүрген болар)...
Сол күннен бері 1 жылдай болып қалды, әлі сүйемін, шынымен өміріме айналған жан, әлгі күнге дейін сағынып келемін, үйімде қалып қойған киімдерін иіскен, сағынышымды басып алғым келеді, суреттеріне қарап жылап аламын...басқа амалым барма...
Менің ақымақтығым үшін қатты сөкпеңіздер, сезімнің ерігімен мазаққа да шыдайсын... бірақ ол жалғыз...тек қана жалғыз...және қанша жерден жаман болса да оған ешбір адам жетпейді екен...

                                                                                                     

Фариза