Сүйікті қызыма шығармашылығы

Біздің демеуші







Сүйікті қызыма

Махаббаттың ыстық оты
Менің жүрегіме келіп қонды
Милана есімді сұлу қызға
Мәңгі өшпес ғашық қылды


Иесіз, ғашықсыз мына жүрекке
Ие болдың жаным сен мәңгілікке
Иісіңді жағымды, ұнамды, сүйкімді
Иіскемей жүре алмайтын болдым енді


Лезде жинап раушан гүлдерін
Лық толтырамын алдыңды
Лайықтысын «Ең ӘДЕМІ» деген атаққа
Лайықтысын «Ең СҰЛУ» деген атаққа


Ару қызым, жаным менің асылым,
Айналдым ғажап сұлу жүзіңнен
Ауылыңа ертерек іздеп сені барар ем
Айдай сұлу, сендей қыз бар екенін кім білген


Неке үйіне тезірек барсақ екен
Некеге тіркеліп, мәңгі бірге болсақ екен
Неке көйлекпен қашан сені көрем екен
Неке күнін асыға күтемін мен


Алтыным, сені маған кездестірді
АЛЛА тағдырымның жолында
Ата-анаң аялап сені өсірді
Аялап сені, мен енді боламын мәңгі қасында

 


Арлан Сембаев

20110216150139_189